Өңірлер

Алматыдағы Сайранның түбі көрінді – фото

Алматыда күн райы салқын әрі бұлтты болып тұрғанда қалалық тоғандардың бірі - Сайранның суы ағызылды
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 30 шілде - Sputnik. Тоғанының түбі көрініп тұр. Sputnik Қазақстан фототілшісі Тимур Батыршин сусыз қалған Сайранды суретке түсіріп қайтты. Бұған дейін су түбінде жатқан құмды қайраңда енді су құзғындары ойнақтап жүр.

Қала билігінің мәліметіне сүйенсек, су жоспарлы санитарлық талап бойынша ағызылған. Яғни қоймадағы лас су шығарылып, орнына таза су құйылады. Алайда тоғанның қашан қайтадан суға толатыны белгісіз.

Алматыдағы Сайранның түбі көрінді – фото

Алматыдағы Сайран көлі өткен ғасырдың 70-жылдарында құм-қиыршық тасты материал өндірілген бұрынғы карьер орнында қалыптасты. Оның көлемі 2,3 миллион текше метрді, тереңдігі 12,1 метрді құрайды. Жазда көл тасқын суды ұстап тұратын нысан ретінде қызмет етсе, қыста сусыз тұрады.

Алматыдағы Сайранның түбі көрінді – фото

Бірнеше күн бұрын қала әкімі Бақытжан Сағынтаев Алматы тауларындағы морена көлдерінің жай-күйімен танысты. Аймақты тікұшақпен бақылау шарасының қорытындысы нәтижесінде қала басшысы қазіргі су деңгейінің Алматыға қауіп төндіріп тұрмағанына көз жеткізді.

Оқи отырыңыз: Президент қуаңшылықтан зардап шеккен облыстардың әкімдеріне тапсырма берді