Спорт

Токио Олимпиадасы: қазақстандық садақшы 1/8 финалына шықты

Токио Олимпиадасына үш қазақстандық садақшы аттанды. Олар - Санжар Мұсаев, Ильфат Абдуллин және Денис Ганькин
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 29 шілде — Sputnik. Токио Олимпидасында қазақстандық садақшы Ильфат Абдуллин жекелеген сындарда 1/8 финалына шықты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Бірінші айналымда Абдуллин британдық Джеймс Вудгейттан басым түсті. Есеп – 7:3. Ал келесі айналымда нидерландтық Стив Вейлерді 6:4 есебімен жеңді. Осылайша, қазақстандық садақшы 1/8 финалына шығып отыр. Оның келесі қарсыласы – қытайлық Ли Цзялун. Жарыстар ертең жалғасады.

Айта кетейік, Токио Олимпиадасына үш қазақстандық садақшы аттанды. Олар - Санжар Мұсаев, Ильфат Абдуллин және Денис Ганькин. Командалық жарыста олар 1/8 финалына жеткен. Ал жекелеген сындарда Санжар Мұсаев бірінші айналымда ұтылса, Денис Ганькин екінші айналымнан аса алмады.

Оқи отырыңыз: Нокдаунға түсірді: Әбілхан Аманқұл өзбек боксшысын жеңді