Қоғам

Бас санитар дәрігердің жаңа қаулысы жарияланды

Құжат 35 беттен тұрады. Ол коронавирус инфекциясы төтенше жағдайда таралып, өлім көрсеткіші жоғары болған кезде қазақстандықтарға арналған ережелерді қамтыған
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 29 шілде - Sputnik. Қазақстанның бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы жариялады. Толық мәтінімен мына жерден танысуға болады.

Ерекше қаулыға бірқатар өзгерту енгізілген. Бизнес, қарапайым халық пен шенеуніктерге арналған ережелер 35 бетті қамтиды.

2 тамыздан бастап енгізілетін шектеулер

  1. Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Атырау және Қарағанды қалаларында:
    орталық мемлекеттік органдарды, әкімдіктерді, құқық қорғау органдарын, денсаулық сақтау ұйымдарын, БАҚ-ты, азық-түлік дүкендерін, дәріханаларды және тіршілікті қамтамасыз ету ұйымдарын, сондай-ақ осы тармақтың 4) тармақшасында көрсетілген ұйымдарды қоспағанда, меншік нысандарына қарамастан, Ashyq-қа қатыспайтын барлық кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметі тоқтата тұрсын;
  2. ойын-сауық, спорттық және басқа да бұқаралық іс-шараларды, сондай-ақ отбасылық, естелік іс-шараларды өткізуге тыйым салынсын;
  3. мемлекеттік органдардың (ұйымдардың), кеңселердің, ұлттық компаниялардың және өзге де ұйымдардың қызметкерлерінің (вакцинацияланған және соңғы 3 ай ішінде ауырып сауыққан адамдарды қоспағанда)  80%-ы үшін қашықтықтан жұмыс істеу нысаны сақталсын;
  4.  "Ashyq" жобасынан тыс:
  • құрылыс жұмысын жүргізуге;
  • өнеркәсіптік кәсіпорындар қызметіне;
  • жанаспайтын қызмет көрсетуге (автожуу, автомобильдерді, тұрмыстық техниканы, сағаттарды, телефондарды, компьютерлерді, аяқ киімді жөндеу, тігін ательесі, кір жуу орындары, химиялық тазалау, кілт  жасау, тұрмыстық үй қағидаты бойынша қызмет көрсету және т.б.), гүл дүкендерінің, фотосалондардың қызметіне;
  • туристік компаниялардың, бизнес орталықтардың, қызметтің жекелеген түрлерінің қызметіне (сақтандыру компаниялары, адвокат, нотариус, бухгалтер және консалтинг қызметтері, жылжымайтын мүлік жөніндегі агенттіктер, жарнама агенттіктері, сот орындаушылары, айырбастау пункттері, ломбардтар, банктер, "Қазпошта" АҚ бөлімшелері және т.б.);
  • қоғамдық тамақтану объектілерінің тек алып шығуға және жеткізуге арналған қызметіне рұқсат етілсін, делінген құжатта.

Қаулыға сәйкес, "қоңыр қызыл" аймақ түсінігі енгізіліп отыр. Оған ауруханаларда төсек-орын толуы 70 проценттен асатын (100 мың тұрғынға шаққанда 200-ден жоғары) өңір кіретін болады.