Әлем

Жертөлесінде танк пен торпедо сақтаған: 84 жастағы қария сот алдына келді

Зейнеткерге қару-жарақты заңсыз гаражда сақтағаны үшін 500 мың еуроға дейін айыппұл салынуы мүмкін
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 28 шілде – Sputnik. Германияда ерекше сот отырысы өтіп жатыр. 84 жастағы зейнеткер ұзақ уақыт бойы гаражында Екінші дүниежүзілік соғыс заманындағы "Пантера" танкін, зениттік қондырғыны, торпеда мен оқ-дәрі сақтаған, деп хабарлайды BBC News.

Ауыр техника Хейкендорф қаласынан 2015 жылы шығарылды. Әскерилерге танкті үйдің жертөлесінен алып шығуға тоғыз сағат қажет болды.

Ерекше "олжа" ардагердің үйінде тінту жүргізу кезінде табылды. Құқық қорғау органдары соғыс кезінде нацистер ұрлаған өнер туындыларын іздеген.

Енді қарт ер адамға қаруды заңсыз сақтағаны үшін 500 мың еуроға дейін айыппұл салынуы мүмкін.

Тағы оқыңыз: Риддер қаласында қарияның гаражынан бірнеше қару-жарақ табылды

Сотта зейнеткердің адвокаты айыппұл сомасын кем дегенде он есеге төмендету қажет екенін мәлімдеді. Қорғаушылар қару-жарақтың көбі істен шыққанына, ал танк металл сынығы ретінде тапсыру үшін сатып алынғанына назар аударды.

Алайда прокурор кейбір қару түрлері пайдалануға жарамды екенін дәлелдеуді көздеп отыр.

БАҚ-тың мәліметінше, қариядан тәркіленген коллекцияға америкалық музей қызығушылық танытқан.

Бұл іске қатысты тағы бір сот тыңдауы 28 шілдеге белгіленді.