Оқиға

Әйелін құтқармақ болған: Шығыс Қазақстанда ерлі-зайыпты суға кетті

Ер адам жағадан алыс кетіп, суға бата бастаған әйеліне көмекке жүгірген
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 28 шілде – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысында әйелін құтқару үшін суға кірген ер адам онымен бірге батып кетті, деп хабарлайды өңірдің ТЖ департаментінің баспасөз қызметі.

Трагедия 27 шілдеде Самар ауылы маңында Бұқтырма су қоймасының жағалауында болды.

Куәгерлердің айтуынша, 1978 жылғы әйел жағадан алыс кетіп, бата бастаған.  Мұны көрген 1966 жылғы күйеуі көмекке жүгіреді. Алайда ер адам әйелімен бірге суға батып кетті.

Облыстың төтенше жағдайлар департаменті су қоймаларында қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырды:

  • шомылу үшін қауіпсіз орынды таңдаңыз;
  • арнайы жабдықталмаған беймәлім жерлерде ешқашан суға түспеңіз;
  • жағадан алыс кетпеңіз;
  • үрлемелі қайыққа отырғанда абай болыңыз, жел немесе өзен ағысы оны жағадан алысқа әкетіп, толқынның астында қалуы мүмкін.
  • қатты жел болған күні қайыққа мінбеңіз.

Құтқарушылар төтенше жағдай кезінде 112 нөміріне хабарласу керек екенін еске салды.