Видео

Токионың түнгі аспанында "сурет салған" дрондар видеосы

Олимпиада ойындарының эмблемасы ғаламшарға айналды... Дода ашылуының дәл осы сәті бәрінің есінде қалады
Sputnik

Екі мыңға жуық шағын дрон Токиодағы ұлттық стадионнан көтеріліп, аспанда қалықтады. 

Олимпиада ойындарының эмблемасы ғаламшарға айналды... Дода ашылуының дәл осы сәті бәрінің есінде қалады.

Бұл сәтте Токио көшелеріндегі наразылықтар да тынышталды. 

Ерекше пішіндердің бәрін 1 824 дрон салды. Олар жарқ-жұрқ етіп, көрерменді еліктірді. 

Шоуды видеодан тамашалай аласыз.