Спорт

Голубев пен Шведова аралас жұптық сында Олимпиададан шығып қалды

Елена Рыбакинадан басқа қазақстандық теннисшілердің барлығы жекелеген сындардан шығып қалды – ол ертең швейцариялық Белинда Бенчичке қарсы ойнайды
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 28 шілде – Sputnik. Қазақстандық теннисшы Андрей Голубев пен Ярослава Шведова аралас жұптық сайыстың  алғашқы кезеңінде жеңіліп қалды.

Олар 1/8 финалда жапониялық Эна Сибахара және Бен Маклахлан жұбына қарсы шыққан болатын. Бұл матчта қазақстандықтар екі сетте 3:6, 6:7 есебімен қарсыласқа есе жіберді. Осылайша Сибахара мен Маклахлан ширек финалға шықты, енді олар ресейлік Анастасия Павлюченкова және Андрей Рублевпен кездеседі.

Токио Олимпиадасы: Елена Рыбакина жартылай финалға шықты
Бүгін теннистен әйелдер арасындағы жекелей сында қазақстандық Елена Рыбакина жартылай финалға жолдама алды. Ертең ол швейцариялық Белинда Бенчичке қарсы ойнайды.

Айта кетейік, Елена Рыбакинадан басқа қазақстандық теннисшілердің барлығы жекелеген сындардан шығып қалды. Юлия Путинцева мен Ярослава Шведова аптап ыстық пен күн өту салдарынан жарысты жалғастыра алмаса, Зарина Диястың жарақаты ойыннан шығуына себеп болды. Александр Бублик бірінші раундта ресейлік Даниил Медведевке есе жіберіп қойды. Ал Михаил Кукушкин бүгін беларус Илья Ивашкодан ұтылды. Жалпы, осы жолы қазақстандық теннисшілер 8 бірдей лицензия иеленді. Токиоға 7 спортшы аттанды.