Спорт

Токиодан жағымды жаңалық: Рыбакина ширек финалға шықты

Бұған дейін Рыбакина австралиялық Саманта Стосур мен швециялық Ребекка Петерсонды жеңген болатын
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 27 шілде – Sputnik. Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Токио Олимпиадасында үшінші қарсыласын жеңіп, ширек финалға жолдама алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Үшінші айналымда Рыбакина хорватиялық Донна Векичпен кездесті. Бірінші сетте қазақстандық спортшы 7:6 есебімен жеңіске жетсе, екінші сетте 6:4 есебімен басым түсті. Ойын 1 сағат 41 минутқа созылды. Ширек финалда Рыбакина испандық теннисші Гарбинье Мугуруспен кездеседі.  

Бұған дейін Рыбакина австралиялық Саманта Стосур мен швециялық Ребекка Петерсонды жеңген болатын.

Айта кетері, Елена Рыбакинадан басқа қазақстандық теннисшілердің барлығы жекелеген сындардан шығып қалды. Юлия Путинцева мен Ярослава Шведова аптап ыстық пен күн өту салдарынан жарысты жалғастыра алмаса, Зарина Диястың жарақаты ойыннан шығуына себеп болды. Александр Бублик бірінші раундта ресейлік Даниил Медведевке есе жіберіп қойды. Ал Михаил Кукушкин бүгін беларус Илья Ивашкодан ұтылды. Алдағы уақытта жұптық жарыстар өтеді. 

Осы жолы қазақстандық теннисшілер 8 бірдей лицензия иеленді. Токиоға 7 спортшы аттанды.