Спорт

Токио Олимпиадасы: Қазақстанның тхэквандо шеберлері жарыс жолын жеңіспен бастады

Жансель Дениз бен Руслан Жапаров Олимпиаданың келесі айналымына өтті
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 27 шілде – Sputnik. Токио Олимпиадасында қазақстандық тхэквандошылар алғашқы жекпе-жектерін өткізді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Зүлфия Чиншанло ел қоржынына үшінші қола медаль салды
Алдымен 67 салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп жүрген Жансель Дениз ортаға шықты. Оның қарсыласы өзбекстандық Светлана Осипова болды. Бірінші раундта қазақстандық спортшы 4:0 есебімен айқын басымдықпен жеңді. Ал екінші раундта 8:1 болып ұтылды. Бірақ үшінші раундта есесін қайтарып, 5:1 есебімен жеңіске жетті. Жекпе-жектің қорытындысы – 10:9. Осылайша Жансель Дениз келесі айналымға өтті. Оның келесі қарсыласы – ұлыбратаниялық Уолкден Бьянка.

Ал Руслан Жапаров (80 келіден жоғары) Германия спортшысы Александр Бахманмен күш сынасты. Қазақстандық тхэквандошы оны 11:7 есебімен жеңіп, ширек финалға шықты. Келесі қарсыласы – жапониялық Ин Кио Дон.

Айта кетейік, қазіргі кезде Қазақстанның қоржынында үш қола медаль бар. Біреуін дзюдошы Елдос Сметов жеңіп алса, екеуін ауыр атлеттер – Игорь Сон мен Зульфия Чиншанло алып берді.