Өңірлер

Маңғыстауда ұшақ шаңды дауыл салдарынан қонуға мәжбүр болды – видео

Видеода жеңіл моторлы ұшақтың жанында Газель автокөлігі тұр, құтқарушыларға қоңырау түспеген, соған қарағанда қону штаттық режимде өткен
Sputnik

АЛМАТЫ, 27 шілде – Sputnik. Әлеуметтік желіде Маңғыстау облысында болған шаңды дауылдың видеосы тарады.

"Ақтау-Ладаның" хабарлауынша, куәгерлер шаңды дауылдың салдарынан жел генераторлары жанына қонған жеңіл моторлы ұшақты видеоға түсіріп алған.

Құтқарушыларға қоңырау түспеген, соған қарағанда ұшақтың қонуы штаттық режимде өткен.

Айта кетейік, жуырда Ақмола облысындағы Степногорск қаласының маңындағы ауылдарда қатты жел соғып, бірнеше ғимараттың төбесін жұлып әкетті. Салдарынан ағаштар құлап, көліктер зақымданды.