НҰР-СҰЛТАН, 26 шілде - Sputnik. Зүлфия Чиншанло 55 келіге дейінгі салмақта Токио Олимпиадасында қола медаль ұтып алды.
Жерлес спортшының додасын қазақстандық телеарналар тікелей эфирде көрсеткен жоқ.
Зүлфия Чиншанло ел қоржынына үшінші қола медаль салды
© AFP 2024 / VINCENZO PINTO
Ол жұлқа көтеруде 90 келіні бағындырды. Ал серпе көтеруде 123 келіні басынан асырды. Қоссайыс қорытындысы бойынша Чиншанло 213 келі көтерді.
Филиппиндік ауыр атлет алтын медальға ие болды. Ол барлығы 224 келіні еңсерді (97+127)
Күміс қытайлық спортшыға бұйырды (223 келі: 97+126).
Айта кетері, Чиншанло құрамамыздың қоржынына үшінші медаль әкелді. Бұған дейін дзюдошы Елдос Сметов пен ауыр атлет Игорь Сон қола медаль иеленді.