Спорт

Он үш жастағы қыз Токио Олимпиадасында алтын медаль жеңіп алды

Екінші орынды 13 жастағы бразилиялық қыз иеленсе, үшінші орын 16 жастағы жапон қызына бұйырды
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 26 шілде – Sputnik. Жапониялық Момидзи Нисия Токио Олимпиадасында скейтбордингтен "стрит" дисциплинасында алтын медаль ұтып алды. 13 жастағы спортшы 15,26 баллмен жеңді.

Екінші орын 13 жастағы бразилиялық Раисса Леалға (14,64) бұйырса, үшінші орынды 16 жастағы Жапония өкілі Фуна Накаяма (14,49) иеленді.

Скейтбординг Токиодағы ойындарда олимпиада бағдарламасына алғаш рет енгізілді.