Спорт

Садақ атудан Қазақстанның ерлер құрамасы командалық жарыстан шығып қалды

Енді қазақстандық садақшылар жеке жарыстарда медаль алу үшін сынға түседі
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 26 шілде – Sputnik. Садақ атудан Қазақстанның ерлер құрамасы Токио Олимпиадасындағы командалық сайысты аяқтады.

Олимпиада ойындары өтіп жатқан Токиоға жойқын тайфун жақындап келеді
1/8 финалда Санжар Мұсаев, Ильфат Абдуллин және Денис Ганькин Үндістан құрамасынан 2:6 есебімен жеңіліп қалды. Үндістан командасы Олимпиада турнирінің жартылай финалына шығу үшін Оңтүстік Кореямен ойнайды.

Енді Мұсаев, Абдуллин және Ганькин ертең басталатын жекелей сайыстарда бақ сынайды.

Еске сала кетейік, Токиодағы Олимпиада ойындары 23 шілде мен 8 тамыз аралығында өтеді. Қазақстан құрамасында спорттың 28 түрінен 98 лицензия бар. Әзірге Қазақстанның Олимпиада құрамасы екі қола медаль жеңіп алды – дзюдошы Елдос Сметов пен ауыр атлет Игорь Сон жеңіс тұғырынан көрінді.