Фото

АҚШ-та табиғи сұлулықты бағалайтын кезекті сән апталығы өтті – фото

Sputnik

Қазір бүкіл әлемнің сұлулары жағажай сәніндегі трендтерді мұқият бақылап отыр. Жаз маусымы бел ортасынан асқан шақта уақытты жағажайда өткізуге барынша асыққан дұрыс.

Алайда жазға дейін арықтап үлгермеген болсаңыз, қапаланбаңыз. Себебі қазір табиғи сұлулық нағыз сәнге айналды.

Мұны АҚШ-та өткен Orlando Swim Week сән көрсетілімі толыққанды дәлелдей алды. Себебі сән апталығының подиумында арық, бойшаң, мінсіз сұлу модельдер ғана емес, плюс-сайз өлшемді киім киетін арулар да сән көрсетіп, шынайы сұлулықпен көпшілікті тамсандырды.

1 / 12
Қазіргі сән индустриясы эталондар мен стандарттардан бас тартып, табиғи сұлулыққа баса көңіл бөліп жүр.
2 / 12
Дизайнерлер дене бітімі мінсіз әрі арық модельдерге ғана емес, шынайы адамдарға арналған киім-кешек дайындауға ұмтылып жатыр.
3 / 12
Табиғи сұлулықтың бағасы арта бастады.
4 / 12
Сән подиумдарында ұзын бойлы, артық салмағы жоқ арулармен қатар сән әлемінің стандартына сәйкес келмейтін сұлулар жиі көрініп жүр.
5 / 12
АҚШ-тағы Orlando Swim Week сән көрсетілімі табиғилыққа бет бұрған жаңа трендтің айқын көрінісіне айналды.
6 / 12
Подиумда дене бітімі толық сұлулар сән көрсетті.
7 / 12
Әйтсе де олардың табиғи сұлулығы көз үйренген ұзын бойлы, арық модельдерден еш кем түспеді.
8 / 12
"Шынайы болу" - Orlando Swim Week сән көрсетілімінің ұраны.
9 / 12
Орландодағы hiTechMODA Orlando Swim Week сән апталығындағы Manduvi Swimwear топтамасы.
10 / 12
Көрермендер суға шомылуға арналған киім кез келген қыз-келіншектің ажарын аша түсетініне көз жеткізді.
11 / 12
Модель Орландодағы сән апталығында S28 Fashions суға шомылуға арналған киімдер топтамасын таныстырып тұр.
12 / 12
Орландодағы hiTechMODA Orlando Swim Week сән апталығындағы Go Swimwear конкурсына қатысушылар.