Қоғам

Алматыда неге локдаун енгізілмейді – Бекшиннің жауабы

Баспасөз мәслихатында Алматының бас санитар дәрігері жаңа қаулыға байланысты мегаполис нысандарын қандай өзгерістер күтіп тұрғанын түсіндірді
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 24 шілде – Sputnik. Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин жергілікті ауруханалар мен дәрігерлердің коронавирустың қазіргі таралу деңгейіне дайындығы туралы айтты.

"Өткен жыл ішінде біз денсаулық сақтау инфрақұрылымын, төсек-орынды дайындап қойдық, дәрімен қамтамасыз еттік. Бүгінде дәрі-дәрмек, жеке қорғаныш құралдары бойынша мәселе жоқ. Яғни инфрақұрылым дайын, тіпті мың жағдай тіркелсе де, оның шамасы жетеді", - деді Бекшин сенбі өткен баспасөз мәслихатында.

Тағы оқыңыз: Алматыда карантин күшейтілді – Бекшин себебін түсіндірді

Оның айтуынша, денсаулық сақтау жүйесі коронавирусқа қарсы күреске дайын. 

"Бізде науқастарды жатқызу, жедел жәрдем жұмысына қатысты проблема жоқ. Амбулаторлық-емханалық қызмет реттелген, барлық қызмет тиімді жұмыс істеп жатыр", - деді Бекшин.