Өңірлер

Алматыда карантин күшейтілді – Бекшин себебін түсіндірді

Қаулыға медициналық инфрақұрылымға қысымды азайту мақсатында қол қойылды, деп атап өтті қаланың бас санитар дәрігері  
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 24 шілде – Sputnik. Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин карантинді күшейтуге індетті жұқтырғандар санының артуы себеп болғанын мәлімдеді – өткен тәулікте мегаполисте 1080 науқас тіркелді.

"Қаулыға медициналық инфрақұрылымға қысымды азайту мақсатында қол қойылды. Біздің дәрігерлер ауруханаларда 12-14 сағаттан жұмыс істеп жатыр. Бұл жағдай аптап ыстықта болып жатқанын ескеру керек", - деді ол баспасөз конференциясында.

Ол сондай-ақ дәмханалар мен мейрамханалар азық-түлік сатып алып қойғандықтан, кәсіпкерлерге дайындалуға 3 күн (қаулы 23 шілдеде шықты, 26 шілдеде күшіне енеді) берілгенін атап өтті, сондай-ақ олардың экономикалық жағдайы да ескерілуі керек.

Оқи отырыңыз: Цой Тоқаевқа коронавирустың жаңа штамы пайда болғанын хабарлады 

Кеше Нұр-Сұлтан мен Алматыда және бірқатар облыста карантин күшейтілді. Түркістан облысынан басқа барлық өңір мен мегаполистер эпидемиологиялық жағдайдың қызыл аймағына кірді. Бір тәулік ішінде Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан 74 адам қайтыс болды, 6,5 мыңнан астам науқас тіркелді. Билік жағдайдың өте қиын екенін мәлімдеп, халықты мүмкіндігінше тезірек вакцина салдыруға шақырды.