Елорда тынысы

Қоғамдық тамақтандыру орындары қысқартылған жұмыс режиміне көшті

Нұр-Сұлтанда сенбі және жексенбі күндері елорданың қоғамдық тамақтану орындары – дәмханалар, мейрамханалар  жұмыс істемейді
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 23 шілде – Sputnik. Елорданың санитар дәрігерінің карантиндік шараларды қатаңдату туралы қаулысына сәйкес қоғамдық тамақтандыру орындары қысқартылған жұмыс режиміне көшті, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Көліктегі бас санитар дәрігердің жаңа қаулысы жарияланды
Сонымен, сенбі және жексенбі күндері елорданың қоғамдық тамақтану орындары – дәмханалар, мейрамханалар, кофеханалар жұмыс істемейді. Бұл ретте тамақты жеткізу және өзімен алып кету штаттық режимде жүзеге асырылады.

Жоғарыда аталған қоғамдық тамақтану нысандарына жұмыс күндері таңғы сағат 7-ден 17.00-ге дейін жұмыс істеуіне рұқсат етіледі, ал "Ashyq" жобасына қатысатын мекемелер кешкі сағат 20.00-ге дейін жұмыс істей алады.

Асханалар үшін жұмыс және демалыс күндері сағат 07:00-ден 21:00-ге дейінгі жұмыс кестесі белгіленген.

Естеріңізге сала кетейік, сенбі және жексенбі күндері елордалық сауда және ойын-сауық орталықтарына және тағы басқа нысандардың жұмысына тыйым салынған.

Қазақстан аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысының 14 шілдедегі хаттамасына сәйкес Нұр-Сұлтан қаласында шектеу және карантин шараларын қатаңдату туралы қаулы қабылданды.