Оқиға

Оралда жартылай жалаңаш ер адам үй мен құбыр арасында кептеліп қалды – фото

Ер адам көп қабатты тұрғын үйдің бірінші және екінші қабаттары арасында кептеліп қалды. Не себепті ол жерге көтерілгені әзірше белгісіз
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 23 шілде — Sputnik. Оралдық құтқарушылар көпқабатты тұрғын үй мен газ құбырының арасында кептеліп қалған мас ер адамға көмектесті.

Өңірлік "Мой город" порталының ақпараты бойынша оқыс жағдай 23 шілдеде таңертең жергілікті Зачаганск аулында болған. Оқиға орнына құтқарушылар жетті.

"Көп қабатты тұрғын үй мен газ құбырының ортасында, бірінші және екінші қабаттың арасында ер адам қысылып қалғаны туралы хабарлама таңғы сағат 06:13-те келіп түсті", - деді облыстық төтенше жағдайлар департаментінде. 

Құтқарушылар жарты сағатқа жетер-жетпес уақыт ішінде мас ер адамды шығарып алды. Ал өңірлік полиция осы жағдайға қатысты қандай да бір түсініктеме беруден бас тартты.