Өңірлер

Елордалық сатушыларды алдап кеткен алаяқтың әрекеті видеоға түсіп қалған

Қаскүнем қала дүкендерінде азық-түлік сатып алу арқылы әмиянынан 10 мың теңгелік купюраны шығарып, ақшаны бермей кеткен
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 23 шілде – Sputnik. Теміртау тұрғыны елордалық сатушыларды алдаған, деп хабарлады Polisia.kz.

Біржан Сал көшесіндегі дәмханалардың бірінде жас жігіт ақша купюрасын ауыстырамын деген сылтаумен 10 мың теңге көлемінде ақша қаражатын иемденді.

Осыған ұқсас схема бойынша күдікті елордадағы үш сауда орнының сатушыларын алдаған. Ойлаған ісін әрі жалғастыру мақсатымен қаскүнем қала дүкендерінде азық-түлік сатып алу арқылы әмиянынан 10 мың теңгелік купюраны шығарып, ақшаны бермей кеткен.

"Сатып алушы" сатушының ақша санап жатқанын пайдаланып, оны әңгімемен алаңдатып, қолындағы ақшаны қайтадан әмиянына салып алған. Азық-түлік дүкенінен азық-түлік пен қалған ақшасын алып, қылмыс орнынан жасырынып, 10 мың теңгені пайда қылған.

Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында алаяқтық жасаған күдіктіні Қарағанды қаласында ұстады.

Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты "Алаяқтық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Айта кетейік, 29 жастағы күдікті бұрын есірткі қылмысы үшін сотталған болып шықты.