Елорда тынысы

Алдағы демалыс күндері Нұр-Сұлтанда қоғамдық көлік жүрмейді

Сенбі және жексенбі күндері автобустарда дезинфекциялық жұмыстар жүргізіледі
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 23 шілде – Sputnik. Нұр-Сұлтан қаласында 24-25 шілде күндері қоғамдық көлік қозғалысы тоқтатылады.

Сенбі және жексенбі қалалық және қала маңына қатынайтын бағдарлар жүрмейді. Дезинфекциялық жұмыстар жүргізіледі, деп хабарлады City Transportation Systems компаниясы.

Жолаушылар автобусқа бетпердесіз кіре алмайды.

Сондай-ақ жол ақысы қолма-қол ақшасыз төленеді: көлік картасының көмегімен немесе QR-кодты сканерлеу арқылы.

Тағы оқыңыз: Нұр-Сұлтанда карантин күшейтілді – жаңа қаулыда не айтылған

Еске салсақ, елорданың бас санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес, сенбі және жексенбі күндері елордада қоғамдық көлік тоқтатылады.