Әлем

Лавров Ресейдегі тұрақсыздықты қалайтындар жайлы айтты

Дипломат Ресей мен оның аумағын әскери және экономикалық әдістермен игеріп алуды көздеп отырғандар бар екенін жеткізді
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 23 шілде – Sputnik. Батыс Ресейдің айналасындағы жағдайды тұрақсыздандыруды, соның ішінде фейктердің көмегімен әрекет етуді көздеп отыр. Бұл туралы Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров мәлімдеді, деп жазды РИА Новости

"Біздің айналамызда тұрақсыздық тудырып, бізбен көрші, бауырлас елдердің алдында не Батыспен, не Ресей Федерациясымен бірге болуды таңдауға мәжбүрлеп отыр", - деді ол "ЕР" алаңындағы "Мемлекеттік дума депутаттарын сайлау науқаны жүріп жатқан сыртқы саяси жағдай" вебинарында. 

Дипломат Ресей мен оның аумағын әскери және экономикалық әдістермен игеріп алуды көздеп отырғандар бар екенін айтты. 

"Олар бізбен көршілес елдердің дамуына Батыстың шешуші ықпал етуінің арқасында қандай да бір пайда көргілері келеді", - деп жағдайды сипаттады Лавров.

Лавров бұл әсіресе Украинадағы жағдайда айқын білінгенін, ал соңғы айларда "түрлі-түсті революция әдісі" Белорусь елінде да байқалғанын айтты. Сонымен қатар оның айтуынша АҚШ пен ЕО елдері Молдавия үшін ашық геосаяси күреске бет бұрды.

"Қазір біздің батыстағы әріптестеріміз Орталық Азия, Кавказды қоса алғанда, еліміздің шекарасын бойлай өздерінің әскери қатысуын мейлінше кеңейтіп жатыр", - деп қорытты Ресей СІМ басшысы. 

Лавров Сергей Шойгу, дәрігер Денис Проценко, Жалпыресейлік халық майданы тең төрағасы Елена Шмелева және балалар омбудсмені Анна Кузнецовамен бірге "Единая Россия" партиясының жалпыфедералдық бөліміне кіреді. 

Федералдық тізімде 395 кандидат ұсынылған. Ал бір мандатты сайлау округтері бойынша – 219 кандидат.