Оқиға

Батыс Қазақстанда жойқын жел мектеп шатырын жұлып әкетті 

Қызылқоға ауылдық округіндегі Қарабау ауылында бір секундта 23 метр жылдамдықпен ұйытқыған жойқын жел мектеп шатырына зақым келтірді
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 23 шілде – Sputnik. Батыс Қазақстан облысында күшті жел ауыл мектебінің шатырын ұшырып әкетті, деп хабарлады облыстық төтенше жағдайлар департаменті. 

Мектеп 1978 жылы салынған. Білім ордасында күрделі жөндеу жұмыстары 2019 жылы жүргізілген. Ведомствода шатырдың жұлынуынан зардап шеккендер жоқ екенін мәлімдеді.

Батыс Қазақстанда бірнеше күннен бері дауылды жел тұрып тұр. Бір күн бұрын табиғаттың тосын мінезінен өңірдегі бірнеше үй шатыры ұшып кетті. Жел секундына 25 метр жылдамдықпен ұйытқуда. 

Осы жылдың аққпанында Павлодар облысында жел екі мектептің шатырын ұшырып әкеткен болатын. Ол төтенше жағдайда Ұзынбұлақ пен Шарбақты ауылдарындағы ғимараттарға зиян келді. Екі жағдайда да ешкім зардап шеккен жоқ.