Өңірлер

Қазақстанда +46 градусқа дейін ыстық болады

Алдағы үш күнде оңтүстік өңірлердің тұрғындары аптап ыстыққа дайын болуы керек деп ескертті синоптиктер
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 23 шілде – Sputnik. Қазгидромет республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-батысында қатты ыстық болатынын хабарлады.  

Ыстық ауа райында коронавирус ауыр өтеді - дәрігер
Болжам бойынша, алдағы үш күнде елдің солтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел соғады. Мұндай ауа райы атмосфералық ауа ағымдарының өтуімен байланысты.

"24 шілдеде Қазақстанның батысында, 24-25 шілдеде солтүстік-батыста, 25-26 шілдеде солтүстікте найзағай жарқырап, нөсер жауын жауады, екпінді жел соғады, бұршақ, дауыл болжануда", - делінген хабарламада.

Оңтүстік пен оңтүстік-батыста ауа райы жауын-шашынсыз, ыстық болады.

Күндіз оңтүстікте, оңтүстік-батыста ауа температурасы 38-46 градусқа дейін, оңтүстік-шығыста, шығыста және орталықта 38-42 градусқа дейін көтеріледі деп күтілуде.

Ал солтүстікте, керісінше, 32-40 градустан біртіндеп 20-30 градусқа дейін түседі.