Қоғам

Бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан 77 адам қайтыс болды

Қазіргі кезде 67 475 адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр. Олардың ішінде 46 949 науқас амбулаториялық деңгейде, яғни үйде ем алып жүр
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 22 шілде – Sputnik. Қазақстанда бір тәуліктің ішінде 64 адам коронавирустан және 13 науқас ковидтік пневмониядан қайтыс болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

Бүгін коронавирус инфекциясына шалдыққандардың саны бойынша рекорд жаңарды. Бір тәулікте барлығы 5 708 науқас тіркелді. Ал 34 науқастан вирустық пневмония анықталды.

Қазақстанда коронавирусты жұқтырғандар саны бойынша рекорд жаңарды 

Соңғы мәліметке сәйкес, қазіргі кезде 67 475 адам коронавирус инфекциясынан (–65 808 + және 1667 КВИ-) емделіп жатыр. Олардың ішінде 20 526 пациент стационарда, ал 46 949 науқас амбулаториялық деңгейде, яғни үйде ем алып жүр.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

  • 1190 адамның жағдайы ауыр;
  • 272 пациенттің жағдайы өте ауыр;
  • 168 науқас жасанды тыныс алдыру аппаратына қосылған.