Әлем

Коронавирустың қолдан жасалғаны рас па – Ухань институты мәлімдеме жасады

Ухань вирусология институтының бірде бір қызметкері немесе студенті осы күнге дейін COVID жұқтырмаған
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 22 шілде – Sputnik. Коронавирустың зертханадан шыққанын дәлелдейтін айғақтар жоқ. Бұл туралы Ухань ұлттық биоқауіпсіздік зертханасының директоры, вирусология институтының ғылыми қызметкері Юань Чжимин мәлімдеді.

"Ухань вирусология институты 2019 жылдың 31 желтоқсанына дейін COVID-ты зерттеген де, кездестірген де жоқ. Ухань вирусология институты коронавирусты ешқашан қолдан жасаған емес, зертханадан да шығармады. Үшіншіден, институттың бірде бір қызметкері немесе студенті осы күнге дейін COVID жұқтырмады", - деді Чжимин брифингте.

Ол вирустың қолдан жасалғанын немесе оның зертханадан шыққанын дәлелдейтін бір де бір айғақ жоқ екенін атап өтті, деп хабарлайды РИА Новости.

"Ғалымдар арасында COVID-19 табиғи жолмен пайда болды деген пәтуа бар. Сарапшылар да мәлімдеме жариялады. Онда қазіргі таңда коронавирустың жасанды жолмен пайда болуын немесе зертханадан шыққанын растайтын ешқандай дәлел жоқ екені айтылған", - деп түйіндеді сөзін ғылыми қызметкер.

Тағы оқыңыз: АҚШ коронавирусқа қатысты қызықты мәлімдеме жасады

2019 жылы желтоқсанның соңында Қытайдың Ухань қаласында коронавирус тарай бастады. Сол кезде БАҚ-та COVID-19 қоздырғышы Ухань вирусология институтының зертханасынан шыққан болуы мүмкін деген түрлі болжам айтылды.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сарапшылары биыл наурызда институтқа барды. Соның ішінде "вирус жасалды" деген барынша оқшауланған BSL-4 зертханасын да аралады.