Өңірлер

Ақтауда жол апаты адам өмірін қиды: көлік ішінде түсірілген видео жарияланды

Lada Largus жүргізушісі рөлге ие бола алмай, Toyota Land Cruiser Prado автокөлігімен соқтығысқан
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 21 шілде — Sputnik. Ақтау қаласының 7-ші шағын ауданында жол апатынан жүргізуші көз жұмды, деп хабарлады Lada.

Маңғыстау облыстық полиция департаментінің мәліметінше, Lada Largus жүргізушісі рөлге ие бола алмай, Toyota Land Cruiser Prado автокөлігімен соқтығысқан. Содан кейін Lada Largus жиектасқа шығып, ағашқа соғылған. Соққыдан Land Cruiser Prado бір бүйіріне аударылып қалды.

Lada Largus жүргізушісі сол жерде көз жұмды. Ол ауыр жарақат алған.

"2002 жылы туған жас жігіттің мәйітін ауруханаға алып кетті. Сондай-ақ жол апаты болған жерден қыз бала жеткізілді. Дәрігерлер оған медициналық көмек көрсетіп, үй жағдайында емделу үшін ауруханадан шығарды", - деп хабарлады Маңғыстау облыстық ауруханасының баспасөз қызметі.

Сонымен қатар әлеуметтік желіде Lada Largus салонында апат кезінде түсірілген делінген видео таралып жатыр.