Денсаулық

Дәрігер коронавирустың салдары туралы: өмір бойы сақталуы мүмкін

Маман көп адамда постковидтік синдром байқалады деп отыр. Көбірек қимылдап, жиі жаттығу жасауға кеңес берді
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН,20шілде-Sputnik. Коронавируспен ауырып болған пациенттерде сырқат салдары үш айдан өмір бойына дейін сақталуы мүмкін.

"Көп жағдайда постковидтік синдром байқалады. Адамдардың төрттен үш бөлігінде бұл синдром он екі аптаға дейін созылады. ал қалғандарында 12 аптадан өмір бойына дейін жалғасуы ықтимал", - деді жоғары санаттағы дәрігер Алексей Водолазов РИА Новостиге.

Оның айтуынша, бұл синдромның белгілері жиырмадан алпысқа дейін жетеді. Мәселен, бас, буын, бұлшықеттер, кеуде тұсы ауырып, ұйқы бұзылуы мүмкін. Кей кезде депрессия болып, когнитивтік функциялар өзгереді.

Дәрігер мұндай жағдайдың себебі әлі белгісіз деп отыр. Ол сырқаттан тез қалыпқа келу үшін жаттығулар жасап, көбірек жүруге кеңес берді.

Коронавирустан кейін жүйе жүйесін ретке келтіру мән беру керектігі айтылған болатын.