НҰР-СҰЛТАН, 20шілде-Sputnik. Алматыдан Семейге қосымша пойыздар қатынайтын болады. Бұл туралы ҚТЖ баспасөз қызметі хабарлады.
"Жаз мезгілінде сұраныстың артуына байланысты "Алматы-2-Маңғыстау" бағытындағы №287/288 және "Алматы-2-Семей" бағытындағы №477/478 жолаушылар пойызы жүретінін хабарлаймыз", - делінген ақпаратта.
Біріншісі 2021 жылдың жиырма бірінші шілдесінен бастап, ал Семейге баратын пойыз 23 шілдеден бастап Алматы-2 станциясынан аптасына бір рет жүретін болады.
Ұлттық тасымалдаушы билеттерді Bilet.railways.kz сайты немесе "ҚТЖ билеттері" мобильді қосымшасы арқылы онлайн рәсімдеуге кеңес беріп отыр.
Карантин режиміне байланысты жолға шыққанда және вокзалдарда маска тағу міндетті екені ескертілді.