Оқиға

Ақтауда колония жатақханасы құлап, 2 адам мерт болды – желіде видео жарияланды

Ғимараттың опырылып құлауы салдарынан екі сотталған адам көз жұмып, біреуі іздестіріліп жатыр
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 20 шілде — Sputnik. Маңғыстау облысында ГМ-172/6 мекемесінің екі қабатты жатақханасы қирап, екі адам мерт болды. Желіде оқиғаның видеосы жарияланды.

Видеодан қираған ғимаратты және оқиға орнында жұмыс істеп жатқан шұғыл қызмет мамандарын көруге болады.

19 шілде сағат 16.00 шамасында ГМ-172/6 түзету мекемесінде сотталғандарға арналған жатақханалардың бірінің екі қабатты ғимараты құлаған. Жатақхананың ішінде 10 адам болған, оның тоғызы шығарылды.

Екі адам алған жарақатынан көз жұмды, ал зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді.

Бұған дейін ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті бір адамның іздестіріліп жатқанын хабарлаған болатын. Төтенше жағдай орнында арнайы комиссия жұмыс істеп жатыр.