Қоғам

Ұлттық ұлан сарбаздары жоғалған баланы тапты

Әжей саябақта қыдырып жүріп, немересінің қай жаққа кетіп қалғанын аңдамай қалған
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 19 шілде – Sputnik. Өткен демалыста елордада Ұлттық ұлан 5573 әскери бөлімінің сарбаздары жоғалған баланы тауып, ата-анасына тапсырды, деп хабарлады Polisia.kz.

Әпкесінің үйіне барған: Мақтааралда жоғалған қыз табылды
Күнделікті жауынгерлік қызметте жүрген әскери жасақ құрамына орта жастағы әйел адам жолығып, бес жасар немересінен көз жазып қалғанын айтады. Әжесі саябақта қыдырып жүріп, немересінің қай жаққа кетіп қалғанын аңдамай қалған. Өзінің бір сағат бойы немересін іздеп, таппағанын қамығып жеткізеді.

Әскери жасақ бастығы ефрейтор А. Болат қарамағындағы қатардағы Д. Юсупов және Г. Терещенкомен бірге бірден баланы іздеуге кіріседі. Көп ұзамай олар әжесі айтқан сипаттамаға ұксайтын бүлдіршінді саябаққа қарсы беттен байқайды. Сөйтіп, жоғалған баланы әжесіне қайтарады.

Немересімен қауышып, қуанышында шек болмаған әже жедел көмектескен ұландықтарға ризашылығын білдіріп, олардың Әскери антқа деген адалдығы үшін алғысын білдірді.