НҰР-СҰЛТАН, 19 шілде – Sputnik. 20 шілдеде елордада қоғамдық көлік жұмыс істейді, деп хабарлады CTS.
"Алдағы мереке күні, 20 шілдеде қалалық және қала маңына жүретін қоғамдық көліктің жұмысы тоқтамайды", - деп жазды ЖШС баспасөз қызметі.
Компания бетперде тағу режимін сақтау қажеттігін ескертті.
Жол ақысын қолма-қол есеп айырысусыз, яғни көлік картасымен, QR-кодты сканерлеу немесе көлік кодын енгізу арқылы ғана төлеуге болады.
Оқи отырыңыз: Президент Құрбан айт мейрамына қатысты үкімет пен әкімдерге тапсырма берді
Елордадағы сауда-ойын-сауық орталықтары да Құрбан айт күні жұмыс істейді.
Нұр-Сұлтан әкімдігі бұл ақпаратты растады. Еске сала кетейік, жұмыс күндері сауда және ойын-сауық орталықтары сағат 17:00-ге дейін жұмыс істейді. Демалыс күндері бұл нысандар жабық болады.