Қоғам

Көліктегі бас санитар дәрігердің жаңа қаулысы жарияланды

"Қызыл" аймаққа кірген өңірлерде катердің, теплоходтың, паромның, катамаранның жұмысына тыйым салынды
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 19 шілде – Sputnik. Көліктегі бас санитар дәрігер Жанар Оразалина су көлігі объектілерінде карантинді күшейту туралы жаңа қаулыға қол қойды.

Құжатқа сәйкес, "қызыл" аймақтағы теңізде, өзенде, көлде ойын-сауық және серуендеу-экскурсиялық іс-шаралар саласында қолданылатын су көлігін (катер, қайық, теплоход, паром, кеме, катамаран, су мотоциклі және тағы басқалар) пайдалануға тыйым салынады.

Қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енді.

"Жағдай жақсаратын емес": Тоқаев жаппай вакцина салуға қатысты не деді

Еске сала кетейік, қазіргі уақытта "қызыл" аймақта Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Алматы, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары орналасқан.