НҰР-СҰЛТАН, 19 шілде – Sputnik. Сейсенбіде денсаулық сақтау министрлігіне он шақты әйел вакциналауды тоқтатуды талап етіп келді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Назар аударыңыз, балағат сөздер бар.
Конференц-залға бір топ әйел шақырылды, вице-министрлер Жандос Бүркітбаев, Ажар Гиният және санитар дәрігердің ресми өкілі Ержан Байтанаев антиваксерлермен кездесуге шықты.
Тараптардың сөзі жараспады: әйелдер шенеуніктерге айқайлап, жұдырық ала жүгірді. Болған оқиға видеоға түсіп қалған. Кадрларға қарағанда, олар вице-министр Бүркітбаев пен ресми өкіл Байтанаевқа көбірек шүйліккен.
Бұған дейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев антиваксерлердің кесірінен қазақстандықтардың денсаулығына қауіп төндіруге болмайтынын атап өткен болатын.