НҰР-СҰЛТАН, 18 шілде – Sputnik. Қазақстандық спортшы Сергей Морозов (16-5) Лас-Вегаста (АҚШ) аралас жекпе-жектен ESPN 26 турнирінде өнер көрсетті.
Морозов немістің файтері Халид Тахамен (13-3-1) кездесу өткізді. Аса жеңіл салмақтағы жекпе-жек үш раунд өтуі тиіс еді. Төрешілердің бірауыздан шешімімен Морозов жеңіске жетті — 30-27, 30-27, 30-27, деп хабарлайды Sports.kz.
Қазақстандық спортшы Сергей Морозов кәсіби карьерасындағы он жетінші және UFC-дегі алғашқы жекпе-жегін өткізіп отыр. Қаңтар айында промоушнде спортшының дебюті болды. Алайда ол екінші раундта ресейлік Умар Нурмагомедовден (13-0) жеңілді. Халид Таха үшін бұл төртінші жеңіліс.