Өңірлер

Найзағай, бұршақ және шаңды дауыл: ертең ауа райы қандай болады

Кей өңірде шаңды дауыл тұрса, бірқатар облыста күн қатты ысып, төтенше өрт қаупі сақталады
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 18 шілде – Sputnik. Циклонның және атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстан аумағының басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады, деп хабарлады Қазгидромет.

Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, кей жерлерде бұршақ жауады, тек республиканың оңтүстігі мен батысында жауын-шашын түспейді. Кей жерде жел күшейеді, оңтүстікте шаңды дауыл тұрады, солтүстікте және орталықта түнде және таңертең тұман болады.

Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай облыстарының кей жерінде найзағай болады, жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді.

Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерінде шаңды дауыл тұрады, күндіз желдің күші 15-20 м/с болады.

43 градусқа дейін күн ысиды – шілдеге ауа райы болжамы
Жамбыл облысында күндіз таулы аудандарда найзағай, бұршақ, шаңды дауыл күтіледі, жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді.

Павлодар облысының кей жерінде найзағай, тұман түседі, жел 18 м/с-ке дейін күшейеді.

Қызылорда, Түркістан облыстарының кей жерінде күндіз қатты жел соғып, шаңды дауыл болады.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерінде, Алматы облысының таулы аудандарында найзағай, Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде тұман түседі деп болжанып отыр.

Күндіз Түркістан, Қызылорда, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарының басым бөлігінде, Қарағанды, Алматы облыстарының кей жерінде күн қатты ысиды, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерінде, Маңғыстау облысының оңтүстігінде аптап ыстық болады.

Қызылорда, Түркістан, Маңғыстау, Жамбыл облыстарының басым бөлігінде, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды, Ақмола облыстарының кей жерінде, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.