Қоғам

Қарындағы майдан арылудың оңай әдісі аталды

Ғалымдар корей асханасында қолданылатын соя пастасы мықындағы "проблеманы" шешуге көмектеседі деп есептейді
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 17 шілде – Sputnik. Кореяда кең таралған твенжан соя пастасы семіздіктен арылуға көмектеседі, деп хабарлады Express.

Ғалымдар зерттеу нәтижелеріне сүйене отырып осындай қорытындыға келді. Олар еріктілер тобына эксперимент жүргізді. Артық салмағы бар ерлер мен әйелдердің бір бөлігі тамаққа твенжан дәмдеуішін қосып жеді.    

12 аптадан кейін кореялық соя пастасын тағамға қосқан адамдардың салмағы едәуір төмендеген.

Мамандардың пікірінше, тәулігіне он грамм твенжан тұтыну ересектердің қарнындағы майды азайтуға мүмкіндік береді.

Ал ол жүрек-қан тамырлары аурулары мен екінші типті диабеттің даму қаупін төмендетеді.

Оқи отырыңыз: Артық салмақтан арылған қазақстандық жұлдыздар кімдер? 

Бұған дейін ғалымдар тағы бір корей тағамы – кимчи қырыққабатының коронавируспен күресте көмектесетінін айтқан болатын. Кореялық кимчидің құрамында ас қорытуға пайдалы лактобактериялар, сонымен қатар иммунитетті нығайтып, COVID-19 індетінің дамуын тежейтін антиоксиданттар мен басқа да заттар көп болып шықты.