Денсаулық

Дәрігер ыстықта қандай тағамды жеу қауіпті екенін айтты

Кей өнім жылдың ыстық маусымында артық салмақ қосуға әкеледі, сондай-ақ ағзананың сусыздануын тудыруы мүмкін
Sputnik

АЛМАТЫ, 15 шілде – Sputnik. "СберЗдоровье" медициналық онлайн-сервисінің диетологы Маргарита Макуха ыстықта тұтынбау керек өнімдерді атады.

Маман күн ыстық кезде тәтті, тұздалған, сүрленген өнімдер мен кофе ішпеуге кеңес берді.

"Бұл өнімдер шөлді баспайды, керісінше өршітеді. Сонымен қатар ішек микрофлорасына теріс әсер етеді, иммунитетті төмендетеді және аллергиялық реакция тудыруы мүмкін", - деді дәрігер РИА Новостиге берген сұхбатында.

Кремі бар тәтті өнімдер ішекке қауіп төндіруі мүмкін, өйткені өнімді сақтау шарттары сақталмаса, ауру тудырғыш бактериялар тез көбейеді.

Диетолог сонымен қатар майлы тағамдардан, фаст-фудтан аулақ болуға шақырды, өйткені ыстықта адам аз қозғалады, сондықтан барлық калорияны жоя алмайды.

Оқи отырыңыз: Қарақұмықты кімге жеуге болмайды – дәрігер кеңес берді

Ал кофе несеп айдайтын қасиеттеріне байланысты қауіпті, себебі ол ағзаның сусыздануын тудыруы мүмкін. Сондай-ақ жүрек-тамыр жүйесіне салмақ түсіреді.

Ыстықта алкоголь де қауіпті саналады, жоғары температура оның улы қасиетін арттырады.