Өңірлер

"Мұндайды бірінші рет көріп тұрмын": көшедегі ақтаулық әйелдің видеосы тарады

Ақтау қаласының полиция департаментіндегілер әйелдің жеке басын анықтады. Оның тұрғылықты мекенжайы жоқ
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 15 шілде — Sputnik. Қаруға ұқсас затпен қайыр сұрап отырған әйел ақтаулықтарды шошытты. Полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл оқиғаға қатысты түсініктеме берді. 

Әйел Маңғыстау энергетикалық колледжі маңында жүрген. Видео түсірген жүргізуші әйелдің қолында тапаншаға ұқсас зат бар екенін айтты, деп жазады Lada.kz.

"Көлік терезесін бірден жаптым. Мұндайды бірінші рет көріп тұрмын. Жүргізуші ақша бермесе, қоқан-лоқы көрсете ме сонда?", - дейді видео авторы. 

Ақтау қаласының полиция департаментіндегілер әйелдің жеке басын анықтады. Оның тұрғылықты мекенжайы жоқ.

Әйел полицияға жеткізілді. Ол ойыншық тапанша ұстап жүрген. Қала тұрғындарынан шағым түспені айтылып отыр.

Алайда оған қатысты әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 449-бабына сәйкес іс қозғалды, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.