НҰР-СҰЛТАН, 15 шілде – Sputnik. Өткен тәулікте 5 314 қазақстандықтың коронавирусқа тапсырған ПТР-тесті оң нәтиже көрсетті, деп хабарлайды COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия.
Оқи отырыңыз: Жансақтау бөлімі толы: елорда дәрігерлері ауруханадағы жағдайды көрсетті – видео
Өңірлер бойынша:
- Нұр-Сұлтан қаласында - 1576,
- Алматы қаласында - 850,
- Шымкент қаласында – 416,
- Ақмола облысында – 160,
- Ақтөбе облысында - 204,
- Алматы облысында - 144,
- Атырау облысында - 299,
- Шығыс Қазақстан облысында - 79,
- Жамбыл облысында - 71,
- Батыс Қазақстан облысында - 234,
- Қарағанды облысында - 603,
- Қостанай облысында - 104,
- Қызылорда облысында - 84,
- Маңғыстау облысында - 189,
- Павлодар облысында - 156,
- Солтүстік Қазақстан облысында - 86,
- Түркістан облысында - 59.
Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 472 106 жетті.