Әлем

Германияда "жасылдар" партиясының рейтингі төмендеді

Бербок "Солтүстік ағын–2" жобасы "еуропалық энергетикалық егемендікке кедергі келтіреді" деп санайды
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 15 шілде – Sputnik. Үш ай бұрын Германиядағы Ангела Меркельдің орнына жаңа канцлер келетіні анық секілді көрініп еді. Қазір барлығы түбегейлі өзгеріп кетті, деп жазды РИА Новости.

Канцлер қызметіне үміткер ретінде 40 жастағы Анналена Бербокты ұсынған "жасылдар" партиясының бұл үміті ақталатындай болған. Оның рейтингі елдегі билік етуші партиялардан да басым түсіп, 30 проценттік көрсеткішке қол жеткізді. Сондықтан қыркүйекте өтетін сайлаудан кейін "жасылдар" билік етуші жаңа коалиция құрамына кіріп қоймай, басты күшке айналады деген сенім болатын.

Алайда Анналена Бербоктың төмен құлдилауы биікке көтерілуі секілді қарқынды болды. Бербокты неміс медиасы тым қатты жарнамалап, оның мәлімдемесі мен портреттері айналада толып кетуі салдарынан халықтың көңілі қала бастады.

Германияда вакцинадан бас тартқандар жұмыстан қуылды

Әрине, биографиясында пайда болған сәйкессіздіктер, партия төлемдерінде көрсетілмеген декларациялар және оның кітабындағы плагиат та рөл ойнады. Бұл аса елең етерліктей "қылмыс" болмаса да, "жасылдардың" рейтингі 17-20 процент деңгейіне дейін төмендеуіне әсер етті. Сонымен қатар осының аясында билік етуші коалиция партиясының позициясы қалпына келе бастады.

Әйтсе де бұл қыркүйектегі сайлаудан кейін қазіргі коалиция сақталады дегенді білдірмейді. Себебі оның тарайтыны Меркельдің кететіні секілді айдан анық. Жаңа коалицияны қалай болғанда да ескі партиялар құрайтын болады. "Жасылдарды" да коалиция құрамына шақыруы ықтимал. Бірақ олар басты, тіпті екінші рөлде де болмауы ықтимал.

Бұл Ресей үшін де тиімді. Себебі "жасылдар" проатлантикалық ойынға кіріскендей, қазір неміс-орыс қарым-қатынасының қалыпқа келуіне қарсылық танытып келеді. Бұл әсіресе олардың "Солтүстік ағын – 2" жобасына қатысты ашық наразылық білдіруінде айқын көрініс тапты. Бербок аяқталуына аз қалған жобаны тоқтатуды талап етіп келеді.

Бербок "Солтүстік ағын – 2" жобасы "еуропалық энергетикалық егемендікке кедергі келтіреді" деп санайды. Алайда АЭС-тен бастап табиғи газға дейінгі барлық энергия көздерінен бас тарту арқылы Еуроодақтың энергетикалық егемендігін қамтамасыз етуге болады? Жасыл энергетика қымбат қана емес, сондай-ақ қарапайым энергетиканы алмастыруға қауқарлы емес. Мұны немістердің басым бөлігі жақсы түсініп отыр.

Рейтингтің төмендегенін "жасылдар" ауыр қабылдап, мұны Бербокті әйел ретінде шеттетудің салдары ретінде көрсетуге тырысып жатыр. Яғни 16 жыл бойы елді Меркель басқарып келгеніне қарамастан, феминизм аясында дау тудыруды көздеп отыр.