Қоғам

Жалған вакцина паспортын сатып алған қазақстандық жансақтау бөлімінен бір-ақ шықты

Ер адам жалған вакцина паспортын сатып алған, бұл туралы жағдайы асқынған кезде айтқан
Sputnik

АЛМАТЫ, 14 шілде – Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігі инфекциялық ауруларды эпидемиологиялық қадағалау басқармасының басшысы Роза Қожапова вакциналау паспортын сатып алып коронавирус жұқтырған соң жансақтау бөліміне түскен бір азаматтың жағдайы туралы айтты.

Оның сөзінше, қазақстандық бұл туралы жағдайы асқынған кезде айтқан.

"Адам іс жүзінде вакцина салдырмай, заңнаманы бұзып, вакциналау паспортын сатып алған. Бұл туралы ол өзі жағдайы өте ауыр болған кезде мойындады", - деді брифинг кезінде Роза Қожапова.

Айта кетейік, 2021 жылдың 6 айында Қазақстанда вакцинаның екі бөлігін алған адамдар арасында 964 адам, бірінші бөлігін салдырғаннан кейін 1 325 адам коронавирус жұқтырған.