Қала әкімдігінің сайтында жұқпалы аурулар стационарларының бірінің қызметкері емдеу мекемелерінде не болып жатқанын көрсеткен видео жарияланды.
Видео авторы жансақтау бөлімінде барлық орын бос емес екенін, ал стационар төсегіне астананың кез келген тұрғыны немесе қалаға келген қонақ түсіп қалуы мүмкін екенін айтады.
Оқи отырыңыз: COVID-ке қарсы вакцина: аллергиясы бар адамдар нені білуі керек – дәрігермен сұхбат
Аурухана ішінде қорғаныс костюмін киген дәрігерлер қала тұрғындарын өзінің және жақындарының денсаулығы үшін жауапкершілік алуға және санитарлық нормаларды сақтауға шақырды.
"Бүкіл медицина қауымдастығы атынан сіздердің нақты жағдайды білгендеріңізді қалаймыз. Ауыр сырқаттанған адам көп, күн сайын адамдар қайтыс болып жатыр. Балалар жиі ауыра бастады. Өз денсаулығыныз үшін жауапкершілік алыңыз", - дейді дәрігерлер.
Өткен тәулікте Нұр-Сұлтанда 1 128 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды.