Өңірлер

Өскеменде мас күйінде көлік жүргізген әкімдік қызметкері 15 тәулікке қамауға алынды

54 жастағы әйел жеті жыл мерзімге жүргізуші куәлігінен айырылды
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 13 шілде - Sputnik. Өскемен қаласының соты мас күйінде тұрғындармен кездесуге келген қала әкімдігінің қызметкеріне қатысты істі қарады.

YK-news.kz жергілікті порталының хабарлауынша, іс Өскемен қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотында қаралған.

Сот қалалық әкімдіктің қызметкері 11 шілдеде мас күйінде автокөлікке отырғанын анықтады. Бұл факт сараптамада анықталды, шенеуніктің өзі де жоққа шығармады.

Сот қаулысымен әйел 15 тәулікке қамауға алынды. Сонымен қатар ол жеті жылға дейін көлік құралын басқару құқығынан айырылды. Шешім заңды күшіне енген жоқ.

Бас дауға қалған өскемендік шенеунік

Өскемен әкімдігінің мас қызметкері  жылжымалы вакциналау пунктінің маңында видеоға түсіп қалды. Қалалық әкімдік пен Шығыс Қазақстан облысының полиция департаменті бұл жағдайға түсініктеме берді.

Куәгерлердің айтуынша, ол вакциналауға арналған автобустың жанынан өтіп бара жатып, автобустың есіктері жабық, ал дәрігерлер адамдарды қабылдамай жатқанын байқаған. Оның сөзінше, автобустағы дәрігерлер бетперде режимін сақтамаған.

Ер адам істің мән-жайын анықтау үшін полиция мен қалалық әкімдіктің қызметкерлерін шақырды.

"Бізге Индира Қалжабаева есімді азамат келді, өзі мас, бірақ соған қарамастан көлік айдаған. Ол да ештеңе түсіндіре алмады", - делінген Instagram-да road_control_kz паблигінде жарияланған жазбада.

Әкімдік қызметкерге қатысты шара қабылдады.

"11 шілде қала әкімі аппаратының қызметкері Қалжабаева Индира Ғадылшинқызының қатысуымен болған оқиға жайлы келесіні хабарлаймыз. Полиция көлікті мас күйінде жүргізу фактісі бойынша әкімшілік өндіріс бастады. Полиция басқармасынан материалдар түскеннен кейін әкімдік болған оқиға мен мемлекеттік қызметкердің этикасын сақтау мәселелері бойынша қызметтік тексеріс жүргізеді. Барлығын анықтағанға дейін Қалжабаева жұмыстан шеттетілді", - деп хабарлады Yk-News басылымы.

Оқи отырыңыз: Өскеменде әкімдік қызметкерінің басы дауға қалды – видео

Шығыс Қазақстан облысының полиция департаменті 54 жастағы әйел мас күйде Hyundai Accent көлігін жүргізіп бара жатқан жерінен тоқтатылғанын мәлімдеді.