Қоғам

Коронавирустың таралуы бойынша "қызыл" аймаққа тағы бір өңір кірді

Қазақстанда коронавирустың таралуы бойынша "қызыл" аймақ жаңарды, бір облыс қауіпті зонаға кірді
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 13 шілде – Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысы қауіпті "қызыл" аймаққа кірді.

COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия 13 шілдедегі жағдай бойынша өңірлердегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасын жариялады.

Оған сәйкес, қазір "қызыл" аймақта Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары тұр.

"Сары" аймақта: Алматы, Жамбыл және Қызылорда облыстары.

"Жасыл" аймақта: Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстары.

Оқи отырыңыз: Меккеге адамдарды жалған вакцина паспортымен апарған агенттіктің әрекеті әшкере болды

Өткен тәулікте 3 693 қазақстандықтың коронавирусқа тапсырған ПТР-тесті оң нәтиже көрсетті.