НҰР-СҰЛТАН, 13 шілде – Sputnik. Иркутск орталығында әйелімен жанжалдасқан ер адам кішкентай баланы 13-ші қабаттан лақтырамын деп қорқытып жатыр, деп хабарлайды РИА Новости.
Ер адам балконның сыртына шыққан. Құшағында үш жасар сәби. Айғайлап, әйелімен кездестіруді талап етіп жатыр. Куәгерлердің сөзінше, ол өзі секіргелі тұрған жоқ, бірақ қолындағы баланы лақтырамын деп мәлімдеген. Айтуынша, бала оныкі емес.
Ал сәби болса, ер адамды мойнынан құшақтап, жылап тұр.
Ер адам Орта Азиядан шыққан. Полиция онымен диалог құруға тырысты, бірақ еш нәтиже жоқ. Көп ұзамай полицейлер оқиға орнына оның әйелін жеткізді, алайда ер адам көнбей жатыр, деп хабарлайды оқиға куәгерлері.
Бұл оқиғаға отбасылық проблема себеп болуы мүмкін. Бұған дейін ер адамның жұбайы ажырасуға өтініш берген, Mash видеосында әйелдің көзінің асты көгеріп кеткені көрінеді. Соған қарағанда күйеуі соққыға жыққан сияқты. Әйел полицияға арыз жазды, бірақ егер ер адам балконнан түссе, шағымын кері алуға уәде етті.
Куәгерлердің айтуынша, ер адамның балкон сыртында тұрғанына бір сағаттан асқан. Оқиға орнында полиция, ТЖМ, дәрігерлер мен психолог жұмыс істеп жатыр.