Қоғам

Қазақстандық спортшы теңіз жағасында үйленді – видео

Жас жұбайлар қуанышты сәтін әлеуметтік желідегі парақшаларында бөлісті. Жаңа отау құрған жұпты Қазақстан теннис федерациясы құттықтады
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 12 шілде — Sputnik. Қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин үйленді. 

Спортшы мен қалыңдығы теңіз жағасында бір-біріне неке жүзігін тақты. 

Жас жұбайлар қуанышты сәтін әлеуметтік желідегі парақшаларында бөлісті. Кукушкиннің жары Анастасия өзінің аккаунтында видео жариялады. 

Жаңа отау құрған жұпты Қазақстан теннис федерациясы құттықтады.

Бұған дейін Кукушкин квалификация аясында Токиодағы Олимпиада ойындарына қатысатын болған еді.