Өңірлер

Пышақтап тастаған: Ақсуда әйел мен екі кішкентай баласының денесі табылды

Ақсуда үш адамды өлтіріп кетті. Қылмыстың бетін ашуға тәжірибелі жедел уәкілдер тартылды. Ведомствоаралық жедел-тергеу тобы құрылды
Sputnik

ПАВЛОДАР, 12 шілде — Sputnik. Ақсу қаласында пәтерлердің бірінен әйел мен екі баласының мәйіті табылды, деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

"Әуезов көшесіндегі пәтерден әйел мен 5 және 7 жасар балаларының денесі табылды. Зорлық-зомбылық белгілері бар, пышақтап кеткен. Кезекші бөлімге қоңырау 12 шілде сағат 11:40-та түсті", - делінген ақпаратта.

Оқиға орнына Павлодар облысының полиция және прокуратура департаменттерінің жетекшілігі жетті.  Қылмыстың бетін ашуға тәжірибелі жедел уәкілдер тартылды. Ведомствоаралық жедел-тергеу тобы құрылды.

Қазіргі уақытта криминалистер жұмыс істеуде. Жедел уәкілдер мен учаскелік инспекторлар куәгерлерді анықтау үшін тұрғындарды сұрастырып жатыр.

Қылмыстық кодекстің 99-бабы ("Адам өлтіру") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.