Видео

Қытайда лотос гүлдеді – видео

Қытайдың Чжэнчжоу провинциясының тұрғындары үшін жаз мезгілі таңғажайып және әсем лотос гүлдеуімен тікелей байланысты
Sputnik

Ауданы 25 мың шаршы метрді құрайтын қалалық саябағы елдің әр түкпірінен келген туристерге толы. Олар лотос гүлдеуін тамашалауға асық.

Лотос тоғанындағы дәстүрлі стильдегі ағаштан жасалған жолдар мен орындықтар туристердің сүйікті мекеніне айналып қана қоймай, фотосессиялар үшін де қолданылады.

Оқи отырыңыз: Мың бояулы қала: Алматының көктем шуағына бөленген келбеті – фото

Лотос үш күн бойы гүлдейді.

Қытайда лотостың гүлдеуі жаздың ортасын білдіреді. Қазіргі уақытта әлемде лотостың мыңға жуық түрі бар.