Журналистер, PR мамандары, блогерлер жақын арада бұқаралық ақпарат құралдарын күтетін негізгі тенденциялар туралы, әлеуметтік желі дәуірінде көрермендердің назарын аудару және қызықты контент жасау туралы, сонымен қатар подкасты қалай жасау керектігі туралы білді.
Семинардың бірінші күні бірден екі маман сөз сөйледі. "Россия сегодня" ХАА бас редакторының орынбасары Наталья Лосева медиадағы негізгі трендтер туралы, ал "Россия сегодня" ХАА жаңа медиа дирекциясы инновациялық журналистика орталығының жетекшісі Иван Громов подкасты қызықты етіп жасаудың сырларымен бөлісті.
SputnikPro ағартушылық жобасы
SputnikPro – Sputnik халықаралық ақпараттық агенттігі және радиосының журналистерге, бейіндік ЖОО студенттеріне, баспасөз қызметі мамандары мен медиаменеджерлерге арналған және шетелдік әріптестермен кәсіби байланысты дамыту және тәжірибе алмасуға бағытталған жобасы. Жоба модулінің жетекшілері қатарында Sputnik медиаменеджерлері мен басқа да танымал ресейлік сарапшылар бар.
Оқи отырыңыз: Трендтегі мультимедиалық контентті қалай жасау керек - SputnikPro трансляциясы
Сессия барысында журналистика мамандығының түрлі аспектілері, соның ішінде мультимедиялық контент әзірлеу, әлеуметтік желідегі жұмыс, жаңалықтар ресурсына трафик тарту сынды келелі мәселер талқыланады. 2018 жылдың наурызынан бастап SputnikPro мастер класына 80 елден 5 мыңнан астам тыңдарман қатысты.
Sputnik халықаралық ақпараттық агенттігі және радиосы туралы
Sputnik - халықаралық ақпараттық агенттігі және радиосы - Ресейдің "Россия сегодня" медиатобының бір бөлігі. Sputnik 32 тілдегі интернет-сайтты, әлемнің 90-нан астам қаласындағы аналогтық және цифрлық радио хабар тарату жүйесін және ағылшын, араб, испан, қытай және парсы тілдеріндегі жаңалықтар сайтын қамтиды. Sputnik ақпараттық ресурстарының аудиториясы айына шамамен 57 миллион пайдаланушыны құрайды, әлеуметтік желілердегі оқырманның жалпы саны 22,9 миллионнан асады. Sputnik-тің бас кеңсесі Мәскеуде орналасқан.