Қоғам

"Мен бақыттымын": Жалғас Жұмағұлов UFC-дегі алғашқы жеңісіне қол жеткізді - видео

UFC-дегі екі рет жеңілісінен кейін, Жұмағұлов өзінің алғашқы жеңісіне мерзімінен бұрын қол жеткізді
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 11 шілде - Sputnik. Қазақстандық жекпе-жек шебері Жалғас Жұмағұлов UFC-дегі алғашқы жеңісіне жетті.  Ол америкалық Джером Ривераны бірінші айналымда гильотин әдісімен қылқындырды.

Жекпе-жектің алғашқы минутынан бастап Жалғас басым позицияны ұстап, Ривераға әдіс қолдануға мүмкіндік бермеді. Екінші минутта-ақ Жұмағұлов қарсыласынан басым екенін анық дәлелдеді.

"Мен бақыттымын. Бірінші жекпе-жегім сәтсіз болды, жеңіспен қуантқым келді. Менің елім қазір ояу, мені қолдап отыр. Оларды осы жеңіспен қуантып отырғаныма өте қуаныштымын", - деді Жұмағұлов көзіне жас алып.

Еске салайық, Жалғас Жұмағұлов UFC-ге Fight Night Global чемпионы мәртебесінде келді және қатарынан екі рет жеңіліске ұшырады. Екі жеңіліс те даулы болды.

Оқи отырыңыз: "Сын айтқандарға да рахмет": Жұмағұлов UFC-дегі екінші жеңілісі туралы пікір білдірді

Алайда жекпе-жек шеберінің өзі деңгейінің жетпегенін мойындады. Ең алдымен, дайындық тұрғысынан. Енді Жалғас UFC-дегі алғашқы жеңісіне қол жеткізді.